Қазақстанда жемқорлардың көбі қай өңірде тұрады?

Қазақстанда жемқорлардың көбі қай өңірде тұрады?

Биыл қаңтар мен қыркүйектің арасында Қазақстанда 1,7 мың сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді, ­– деп жазады  zakon.kz.

Ranking.kz-тің зерттеуінше, өткен жылмен салыстырғанда 12,4% -ға аз.

Құқық бұзушылықтардың жартысынан көбі – (65,8%) пара алу, беру. Бірақ олардың саны одан да көп.

Сонымен, пара алу фактілерінің көпшілігі Алматы облысына тиесілі. ІІ орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр: осы сипаттағы 113 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғыдан 1,5 есе көп. Батыс Қазақстан облысы үшінді орында тұр. 106 құқық бұзушылық тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп.

Биыл тоғыз айда мемлекетке келген залалдың жалпы сомасы – 20,8 млрд теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 34,4%-ға көп.

Парақорлықтан келген зиянның жалпы сомасы – 1,9 млрд теңге. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде 46,2 есеге өскен.

Айта кетейік, біз бұған дейін парамен ұсталған әкім орынбасарының ағысы қатты өзенге жүзіп кеткенін жазған едік.