Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты.
Асқар Маминнің айтуынша, таза ауызсумен жабдықтау мәселесітаяу жылдары шешілді.«Сумен жабдықтау және су бұру – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Жалпы, елде орталықтандырылған сумен жабдықтау үлесі – қалаларда 97,2, ауылдарда 86,4 пайыз. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100 пайыз сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі. Осының арқасында біз халықтың сапалы ауызсуға қол жеткізу мәселесін толығымен шешеміз», – деді Асқар Мамин.
«Осы мәселедегі маңызды фактор топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасау және ауылдардың шекарасына дейін жеткізу керек. Бұл жұмыс желілерді елді мекендердің ішінде тартумен үйлесімді жүруі қажет. Жауапты министрліктер мен әкімдіктер, бірінші кезекте, артта қалған өңірлер осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын», – деп тапсырма берді Асқар Мамин.