16 жастағы бойжеткен үш баланы өрттен құтқарып қалды
16 жастағы бойжеткен үш баланы өрттен құтқарып қалды
132
оқылды

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін үй иесінің қызы – 16 жастағы жасөспірім 2 сіңлісі мен 1 бауырын терезеден шығарып алған.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.    width= Оқиға орнынан 1983 жылы туған үй иесі улы газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан, ауруханада көз жұмды.

«Ерекше атап өтетін жайт, өрт-сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй иесінің қызы – 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші 2 сіңілісі мен 1 бауырын терезеден өзі шығарып алған. Өртсөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша өрт электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін. Өрт сағат 03.56-да оқшауланып, сағат 04.29-да толықтай сөндірілді», – дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Оның айтуынша, оқиға орында өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді.