«Президентке дейін барамын» деген әкім орынбасары қызметтен кетуге өтініш жазды
«Президентке дейін барамын» деген әкім орынбасары қызметтен кетуге өтініш жазды
197
оқылды

Бұл туралы «Ақ Жайық» жазды.

Нұрлан Таубаевтың өтінішін адвокаты Игорь Вранчев Facebook-тағы парақшасында жариялады.

«Құрметті облыс тұрғындары қызметтен кету туралы шешімге келдім. 22 қазанда Атырау облысы әкімінің атына мені әкімнің бірінші орынбасары лауазымынан босату туралы өтініш бердім.

Менің шешімім тергеудегі қылмыстық іс бойынша маған тағылған айыпқа қатысы жоқ. Кінәм жоқ екенін дәлелдеймін. Себебі, мені айыптайтындай ештеңе жасаған жоқпын. Атырау облысы әкімінің атына қандай да бір күдік келтіргім келмейді. Сондықтан осындай шешім қабылдадым. Н.Б. Таубаев» делінген жазбаның қысқаша мазмұнында.

Ол бұған дейін әділдік іздеп «Президентке дейін барамын» деп бірнеше рет мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, биыл 10 қыркүйекте 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталған болатын.

Біз бұған дейін Бас прокуратура Атырау облысының бұрынғы әкімі Рысқалиевтердің мүлкін біртіндеп қайтарғанын жазған болатынбыз.