«Күлтөбенің басында күнде жиынға» қатысатындарға анықтама қажет ­ – Қиясовтың қаулысы
«Күлтөбенің басында күнде жиынға» қатысатындарға анықтама қажет ­ – Қиясовтың қаулысы

Жиналыс, отырыстарға қатысатын адамдардан коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР тест анықтамасы талап етіледі, – деп жазады «Спутник Қазақстан».

Талап бойынша анықтама мерзімі үш тәуліктен асып кетпеуі тиіс. Осы және өзге де ережелер Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» қаулысына қосымша құжатта жазылған.   [caption id="attachment_82985" align="aligncenter" width="900"]анықтама Фото: Интернеттен алынды[/caption]

Оған сәйкес, жүзбе-жүз форматта өтетін отырыстарға қатысатындарда өзімен бірге коронавирусқа шалдықпағаны туралы ПТР тест анықтамасы болуы тиіс. Сонымен қатар, олар жиналыстың соңына дейін респираторлық медициналық маска киюге және әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға міндетті.

Бұдан бөлек, қатысушыларға бір-бірімен қол алысуға қатаң тыйым салынады.

Жиын өтетін бөлмелерде желдету жүйесі үздіксіз жұмыс істеуі тиіс.

Ғимаратқа кірер кезде азаматтардың дене қызуы өлшеніп, холлда санитайзерлер орнатылуы керек.

Қатысушыларды отырғызу кезінде әлеуметтік арақашықтық ескеріледі.

Егер спикер жарты сағаттан көп сөйлесе және бірінші қатарда отырған адамдардан кемінде үш метр алыс тұрса, оған бетпердесіз сөйлеуге рұқсат етіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігерін ПТР-зертханасына кіргізбей қойғанын жазған болатынбыз.