Қанат Ислам карьерасындағы 27-жеңісіне қол жеткізді (видео)
Қанат Ислам карьерасындағы 27-жеңісіне қол жеткізді (видео)
178
оқылды

Жекпе-жек 10 раундқа созылды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намбиялық Уолтер Каутондоквамен кездесіп, ұпай санымен жеңіске жетті. 

Бұл Қанаттың карьерасындағы 27-жеңіс. Боксшы әзірге кәсіпқой рингте жеңіліс дәмін татып көрген жоқ. 

Кездесу 10 раундқа созылып, төрешілер бірауыздан жеңісті Қанат Исламға берді. Бесінші раундта Ислам қарсыласын ногдаунға жіберді. Ал соңғы үш раундта Уолтер біршама белсенді қимылдады. 

Осылайша, Қанат Ислам өзінің еншісіндегі WBO International екінші деңгейлі титулын қорғап қалды.

https://youtu.be/2p7dJrHxq5s