"Борат" фильмге неге Қазақстанды таңдағанын айтып берді
"Борат" фильмге неге Қазақстанды таңдағанын айтып берді
189
оқылды

Британдық актер, Бораттың рөлін ойнайтын Саша Барон Коэн фильміне Қазақстанды неге таңдап алғанын айтты, - деп жазады Tjournal.ru.

Саша Барон Коэн елімізге туристер тартуға арналған  Kazakhstan.Very nice! қазақстандық ресми промокомпаниясына жауап ретінде өз таңдауын айтып берді.

"Бұл комедия және фильмнің Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ.  Мен Қазақстанды таңдаған себебім АҚШ-та оны ешкім біле бермейтін. Бұл бізге ессіз комедия, өтірік әлем ойлап табуға мүмкіндік берді.  Қазіргі Қазақстан - "Бораттағы" елге қарағанда тамаша мемлекет, халқы намысшыл", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Боратты Қуат Хамитовтың қалай "жазалағанын" жазған болатынбыз.