Қазақстан құрамасының футболшылары Ресей премьер-лигасында бір-біріне қарсы ойнады (видео)
Қазақстан құрамасының футболшылары Ресей премьер-лигасында бір-біріне қарсы ойнады (видео)
175
оқылды

Бұл кездесу – Акмаль Бахтияровтың РПЛ-дағы дебюттік матчы

Ресей премьер-лигасының 14 туры аясында Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын «Ростов» пен Акмаль Бахтияров ойнайтын «Сочи» кездесіп, Валерий Карпиннің командасы 2:0 есебімен өз алаңында жеңіске жетті. 

Қазақстандық футболшылар алаңға қосалқы құрамнан қосылды. Зайнутдинов 63 минутта алаңға шықса, Бахтияров 86 минутта матчқа араласты. Зайнутдинов Еременкоға нәтижелі пас асырып, командасының алға шығуына көмектесті.

Айта кетейік, бұл кездесу – Акмаль Бахтияровтың РПЛ-дағы дебюттік матчы. Ол бұған дейін ФНЛ-да өнер көрсетіп келген болатын. Осы ойынның нәтижесінен кейін «Ростов» 29 ұпай жиып, үшінші сатыға тұрақтаса, «Сочи» жетінші рет қатарынан жеңіліп, 13-орынды қанағат тұтуда.

Қазақстандық футболшылар матч біткеннен кейін бір-бірімен жейде алмасты. Ол екеуі де ұлттық құрамаға шақырылған футболшылар. 

https://youtu.be/iHBsjlI-Sbo