Көше тазалаушыларға жағдай жасалмақ
Көше тазалаушыларға жағдай жасалмақ

Елорда әкімі көше тазалаушыларға жағдай жасау керегін айтып, жоспарымен бөлісті.

Кеше қала әкімі Алтай Көлгінов елорданың төрт ауданындағы коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығын тексеріп шықты. Сол жерде қызметкерлермен сөйлесіп, оларға жағдай жасау керегін меңзеді. Мәселен, жалақыны уақытылы төлеу, ыстық тамақ ұйымдастыру, техниканы жаңарту қажетін жеткізді. Қосымша 100-ден астам техника сатып алу «Астанаэнергосервис» акционерлік қоғамының үнемделген қаражаты есебінен алынбақшы.

Сонымен қатар, басшы әлеуметтік нысандарға кіретін жолдарды, тротуарларды, аялдамаларды тазалауға ерекше назар аудару қажетін атап, пәтер иелері кооперативтерімен бірлесіп аулаларды тазалау жұмыстарын атсалысуын жеткізді.

А. Көлгінов қызметкерлерге игі еңбегі үшін алғысын білдіріп, соның арқасында қаламыз таза әрі жайлы екенін айтты.

Жолдар мен көшелерді тазалауға 2 мыңға жуық техника мен 3,5 мың қызметкер жұмылдырылады. Бұл жайында қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.