Пікірталас – бұл өз ұстанымыңызды тұжырымдап, қорғауды және логикалық ойлауды үйренудің ғана емес, сонымен қатар күрделі мәселелерді шешуге қол жеткізудің, өзіңізді қарсыластың орнына қоюдың, кез-келген жағдайды әр түрлі жағынан талдаудың және идеялар бәсекелестігінің құндылығын көрудің тамаша тәсілі. Дебатқа қатыса алу мүмкіндігі күнделікті өмірде қажет. Бүгінгі ашық пікірталастың ұйымдастырушылары дәл осыны мақсат етуде. Жасотандықтар, белсенділер, студенттер және дебат клубтарының өкілдері өз аймақтарының өзекті мәселелерін және тараптардың пікірлерін талқылады, берілген «кейстер» бойынша тапсырмалар мен ағымдағы мәселелерді шешуге деген өз көзқарастарын ұсынды. Іс-шараға еліміз бойынша 700-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар, пікірталас аясында тәжірибелі ойыншылар жас дебатерлермен өзара тәжірибе алмасты.
Пікірсайысшылар «Елдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары», «Оқыту процесіндегі дуалды білім беру», «Атырау облысындағы Интернеттің қолжетімділігі», «Қазақстандық жастардың негізгі қажеттіліктері», «Жастардың азаматтық белсенділігі» және т. б. сынды өзекті мәселелерді талқылап, оларға жауап тапты.