Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайта күшейді
Павлодар облысында карантиндік шектеулер қайта күшейді
79
оқылды
Қамданған ұтады деген көзқарастағы басшылық ендігі жерде той-томалақты толық тоқтату жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24». Және ол бүгіннен бастап басшылыққа алынады. Яғни қандай да бір отбасылық мереке, үйлену тойы, діни шараларға тыйым салынады. Кинотеатрлар жабық. Ойын орталықтарының жұмыс істеуіне де рұқсат жоқ. Компьютерлік клубтар мен караокеге де кісі кірмейді. Коронавирустың өрши бастауы оған мүмкіндік бермей отыр. Облыстық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жергілікті спортшылардың сырт жерлерде оқу-жиынын өткізу үшін шығуына жол берілмейді. Тұрғындар қоғамдық орындарда маскамен жүруге міндеттелді. Мейілінше қол беріп амандасуды ірке тұруға кеңес берілді. Балабақшадағы кезекші топтар ең көп дегенде 10 бала қабылдауы тиіс екені де айтылды.