Құлпытас бөлшектері неліктен төселді?
Құлпытас бөлшектері неліктен төселді?
120
оқылды

Өскемендегі сауда үйінде мозаикалық еденді неліктен құлпытас сынықтарымен төселгені анықталды.

YK-news.kz хабарлауынша, жеке кәсіпкер Козырев материалды жеткізуге жауапты болған. Сөйтіп, гранит өңдеу шеберханасындағылар жағдайды түсіндіріп өтті.

«Біз қаптау жұмыстарымен де айналысамыз. Бізге Қытайдан және Алматыдан алдын ала кесілген граниттер жеткізіледі. Біз оларды арнай контейнерге жинақтаймыз. Құлпытасқа портрет салдыртқан тапсырыс беруші кейін одан бас тартқан. Суретші сол құлпытасты дәл сол контейнерге тастап кеткен. Жұмысшылар материалды сұрыптап алулары керек еді. Соны байқамай қалған болуы керек", - деді шеберхана өкілі.