Қазақстан аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) ағымдағы жылдың 26 қазанынан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Алайда, бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты.
«Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар. Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылады», - делінген ВАК шешімінде.ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-анықтама талап етілмейді.