Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Тараздағы түрмелерден тағы 37 телефон мен 48 пышақ тәркіленді

"Айқын" ақпарат
Қазан 27, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
түрме
182
қаралым

Жамбыл облысында түзеу мекемелеріне жоспарлы тінту жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Бұл жолы 158/7 мекемесін тексерген құзырлы орган мамандары бірқатар заңсыз бұйымдарды тәркілеп отыр.

Атап айтсақ, ерекше режимдегі түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерден 37 ұялы телефон, 25 зарядтағыш құрал, 5 «сим» карта және 48 пышақ, қолдан жасалған кешкіш сияқты адам өміріне қауіп төндіретін суық қару табылған.

Тінту жүргізген мамандар тыйым салынған заттардың басым көпшілігі сотталғандардың туған-туыстарының көмегімен ішке енгенін айтады. Яғни, тыйым салынған заттарды жақындарына «жақсылық» жасауды көздейтін жазасын өтеушілердің туыстары мекеменің сыртқы қоршауынан лақтыру фактілері азаймай тұр. Мәселен жыл басынан бері дәл осындай 80 дерек тіркеліп, заңды бұзған 51 азамат ұсталған. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков туған-туысын заңбұзушылыққа итермелеген сотталғандардың тәртіптік жазаға тартылатынын, ал заңды бұзған азаматтардың жазасыз қалмайтынын ескертеді.

түрме

Алаяқ 5 жасар баланың қолындағы қымбат ұялы телефонды 1000 теңгеге сатып алған

Сапарбаев «Тараз» футбол клубына сырттан легионер тасымауды тапсырды

Алматы облысында түзеу мекемесінің аумағына насыбай лақтырған азамат ұсталды

– Біз Тараздағы ЖД-158/7 мекемесіне жоспарлы тінту жұмыстарын жүргізіп, сотталғандардан тыйым салынған заттарды тәркіледік. Бұған дейін, дәл осындай жұмыстар ЖД-158/2 және ЖД-158/4 мекемесіне жүргізілген болатын. Жалпы, тыйым салынған заттардың мекемеге ену арналарын анықтау мен жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Сондықтан, түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші жақындарына көмектеспек ниетте заңды бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескертеміз. Заң алдында барлық адам бірдей жауап береді, – дейді Т.Жәнібеков.

Мұндай тінту жұмыстары Тараз қаласының түрмелерінде соңғы он жылдың бедерінде болмағанын айта кеткен жөн. Енді мұндай ауқымды шарадан қандай нәтиже шығатыны белгісіз. Алайда темір тордың арғы бетінде өз «заңымен» өмір сүретіндер үшін бұл ұнамайтыны анық. Бірақ тәртіп болмаған жерде, тыныштық пен береке болмайтындығын да ұмытпаған жөн.

Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы

 
Тегтер: пышақТаразтелефонтүрме
Алдыңғы жаңалық

Экожурналистика салалық журналистерді даярлау бағыттарының бірі болады

Келесі жаңалық

Инфекционист коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты

Ұқсас жаңалықтар

47
Жаңалықтар

Алматы қаласы тұрғынан 47 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Қаңтар 20, 2021
7 облыс
Жаңалықтар

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қаңтар 19, 2021
Қайрат
Жаңалықтар

«Қайрат» футбол клубына Бундеслига шабуылшысы қосылды

Қаңтар 19, 2021
Корнавирус
Жаңалықтар

Корнавирусқа қарсы вакцина алдымен медецина қызметкерлеріне салынады

Қаңтар 19, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласы тұрғынан 47 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Қаңтар 20, 00:00

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қаңтар 19, 23:43

«Қайрат» футбол клубына Бундеслига шабуылшысы қосылды

Қаңтар 19, 23:27

Корнавирусқа қарсы вакцина алдымен медецина қызметкерлеріне салынады

Қаңтар 19, 23:09

Семей қаласында таныстарының атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ сотталды

Қаңтар 19, 22:37

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Олимпиада чемпионына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Қаңтар 19, 22:11

Нұр-Сұлтанда ҰБТ-ға дайындық басталды

Қаңтар 19, 21:34
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

47

Алматы қаласы тұрғынан 47 келіден астам есірткі заты тәркіленді

Қаңтар 20, 2021
7 облыс

Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Қаңтар 19, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»