30 жылдық еңбек өтілі бар судья сотталды. Түркістан облыстық азаматтық істер сот алқасының төрағасы болған Түгел Бекімбетов осы жылдың сәуір айында ұсталған еді, - деп жазады otyrar.kz. Өз үйінің алдында пара алған оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрықтады. Белгілі болғандай, судья ауызбастырықты сот ісін жылы жабу үшін алған. Оның ісі Шымкент қаласы, Қаратау аудандық сотында қаралып, үкім шықты.
«Бейнежазба бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті ұстау кезінде оған қарап тексеру жүргізген. Қарап тексеру барысында қол сөмкесінен ақ қағазға оралған 220 мың теңге шықты. Содан бөлек өзінің әмиянынан 34 мың теңге шықты. Одан бөлек тергеу барысында екі сотталушы да өз айыптарын толық мойындап, өкініш білдіріп, жауап берді», - дейді Қаратау аудандық сотының судьясы Момбек ӘМІРБЕКОВ.Судьяға ұтымды шешім шығару үшін пара берген Келес Ережепов те жазасыз қалған жоқ. Пара алған судья 5 жылға бас бостандығынан айырылса, 300 мың теңге ауызбастырық берген Ережепов 2 жылға сотталды. Енді олар жазасын барынша жеңілдетілген мекемеде өтейді.