Елордада есірткі өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Елордада есірткі өткізумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
97
оқылды

«Қарасора 2020» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында арнайы операция өткізіліп, оның барысында «тұрақты жұмыс жасаған арнаның көзі» жойылды, сондай-ақ елорда аумағына есірткі құралдарын жеткізу мен өткізуді ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Олжас Жарылғапов хабарлады.

Елорда аумағында есірткі затын өткізбекші болған, бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған 27 жасар күдікті ұсталды. Оның автокөлігін тінту барысында өлшеп, орап өткізу үшін дайындап қойған, жалпы салмағы 500 грамнан асатын, ішінде «гашишы» бар сіріңкенің корапшалары алынып қойылды. Сонымен қатар автокөліктің салонында бұрын сотты болған 24 жастағы азамат болған, тінту барысында одан «гашиш» алынған.

Сонымен қатар полицейлер елордаға есіркі затын негізгі жеткізуші сыбайлас адамды ұстады. Ол бұрын сотты болған 34 жастағы Жамбыл облысының тумасы болып шыққан. Оның пәтерін тінту барысында оқ-дәрілері бар тіркелмеген жарақаттағыш қару, электронды таразы және есірткі затын пайдалануға арналған құрылғы алынып қойылды. 2 миллион 150 мың теңге сомасындағы ақша қаражаты, өткізу үшін дайындап қойған ішінде «гашишы» бар 3 полиэтилен пакет және 265 дана ішінде есірткі заты бар өлшеніп, оралған сіріңке қораптары табылды.

Өткізілген арнайы операцияның нәтижесінде заңсыз айналымнан 6 келіден астам немесе 3000-нан астам бір рет қолданылатын мөлшердегі «гашиш» алынып қойылды.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында елордаға есірткі затын жеткізумен айналысатын басқа да қылмыстық тізбекті анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

Есірткі қылмысына қытсушы ұсталған адамдардың әрекеті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі және Қазақстан Республикасы                ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша жауаптылықты көздейді, яғни 7 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Барлық ұсталған адамдар Нұр-Сұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.