Құдыққа құлап кеткен бала (видео)
Құдыққа құлап кеткен бала (видео)
5,150
оқылды

Көкшетауда жабық тұрған құдыққа бала құлап кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде баланың анасы бейнежазба жарияланды,

Бейнежазбада әйелдің айтуынша, оқиға 25 қазан күні кешкілік Көктем шағынауданында орын алған.

Ағалы-інілі екі бала дүкенге чипсы алуға шыққан. Үлкені 10 жаста екен. Дүкеннен қайтып келе жатқанда інісі құдыққа түсіп кеткен. Құдықтың ішінде лай су болған. Абырой болғанда, ағасы абдырап қалмай сол маңдағы адамдарды көмекке шақырып, баланы құдықтан алып шыққан.

Бала құлаған кезде кұдықтың қақпағы жабық тұрған. Алайда, бейнежазба авторы көрсеткендей, құдықтың қақпағын саусақпен-ақ көтеріледі. Қақпақ үстінен басып қалса, айналып түсетінін көрініп тұ

https://youtu.be/1qgaOzG3oFo

«Қақпақты жаптың не, жаппадың не, ешқандай қорғаныс қызметін атқармайды. Қалада осындай қауіпті жерлер бар», - дейді автор.

Бейнежазбаға пікір жазған желі қолданушылары қаланың өзге шағын ауданында қақпағы ашық тұрған құдықтардың барын айтуда.

Қалалық коммуналдық қызметтер аталмыш бейнежазбаға бірден құлақ асып, қазанның 27-де құдықтың қақпағын жауыпты. Бұл туралы ресми ақпарат Көкшетау қаласы әкімдігінің сайтында жарияланды.

«Бүгін таңертең «Су арнасы» мамандары Көктем,1 мекенжайында орналасқан құдықтың қақпағын ауыстырды. Қосымша айта кетсек, ашық тұрған құдықтар туралы ақпараттарға мониторинг жүргізілуде. Жақын уақытта қаланың коммуналдық қызметтері құдық қақпақтарын жабуға шығады», - деген облыс орталығы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.