Перизат Шымыртайқызы кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талдап, компания жұмысы мен онда жұмыс істейтін жұмысшылардың хал-жағдайымен танысты.
Кездесуде Саяси кеңес мүшесі шағын және орта бизнестің ел дамуындағы, халықтың тұрмысын жақсартудағы рөліне де тоқталды.Әсіресе, ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерін толғандырып жүрген мәселелерді талқылап, олардың сұрақтарына жауап берді. Әрі Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың орындалу барысын партия назардан тыс қалдырмайтынын тілге тиек етті. Айта кетейік, мұнда күніне 49 тонна ірімшік, сары май және сүт өнімдері шығарылады. «Бурное сүт компаниясы» зауытына облыстағы 8 ауылшаруашылық кооперативі, 50 шаруа қожалығы, 25 жеке кәсіпкер сүт өткізеді. Компанияда 93 адам жұмыс істейді.Әбілмансұр ЖАСАН