Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Салық түсімі 1,1 трлн теңгеге азаюы мүмкін

«Айқын» ақпарат
Қазан 28, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан
салық
25
қаралым

Пандемия салдарынан салық түсімі 1,1 трлн теңгеге аз жиналуы мүмкін. Ал үдемелі салық жүйесінің қашан енгізілетіні белгісіз. Шағын бизнесті салық төлеуден бо­сатқан мораторий аяқталған соң асабалар мен әншілер де салық төлей бастайды. Бұл туралы Орталық ком­муникациялар қызметіндегі брифингте белгілі болды.

­­«Биылғы 9 айда шамамен 1 трлн 100 млрд теңге қаржы жоғалттық деп бағаладық. Сонымен қатар микро және шағын биз­неске жеңілдіктер, төлемді кейінге шегеру және басқа да қолдау түрлері 1,5 трлн сомасында жасалды», – деді Мемлекеттік кірістер ко­митетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев.

Оның сөзіне қарағанда, 9 айда мем­лекеттік бюджеттің кіріс жос­пары 92 пайыз­ға, респуб­ли­ка­­­­­лық бюджет 82 пайыз­ға, жер­гілікті бюджет 116 пайызға орын­­далды. Республикалық бюджет түсім­дері­нің төмендеуіне панде­миямен бай­ланысты сыртқы және ішкі фак­торлар әсер етті. Ал Қа­зақ­стан­ның үшінші елдермен тауар ай­налымы 13 пайызға төмендеді.

Есте болса, Мемлекет басшысы 11 ма­мырда өткен төтенше жағ­дайды қамта­масыз ету жөніндегі мемлекеттік ко­мис­сияның оты­ры­сында жеке табыс са­лы­ғының прог­рессивті шкаласын енгізуді тапсыр­ған еді. Сонда айлығы онша жо­ғары емес азаматтар бүгінге қа­­рағанда аз төлесе, ал айлығы көп азаматтар үшін са­лық мөлшері кө­­бейетін бол­ған. Алайда бұл тап­сырманың орын­далуы белгіленген 2022 жылы жүзеге аспайтын түрі бар.

Пандемияда аурухана қаржысын жымқырғаны рас па?

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Қазақстанда бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны тағы да көбейді

«Прогрессивті салық төлеу шка­ласы қабылданған жоқ. Оны жаппай декла­рациялаумен бай­ланыстырамыз. Өйткені үлкен тәуекелдер бар. Егер салықтың мөл­шері өссе, онда төлемнен жалтару жағдайы басталуы ық­тимал. Сондықтан тиісті шешім қабылданып, алдымен жап­пай деклара­циялауды іске асыру ес­ке­рілді», – деді М.Сұлтанғазиев. Оның ай­туынша, үдемелі салық жүйе­сін енгізу мерзімі төрт ке­зеңге бөлінген, алдымен мем­лекеттік қызметшілер, одан кейін квазимемлекеттік сектор, бизнес өкілдері қамтылған. Әр кезең сайын талдау жүр­гізіледі. Дек­ла­ра­циялаудың төрт ке­зеңі аяқ­талған соң, прогрессивтік шка­­ла қарастырылады.

Айтқандай, Марат Сұлтанғазиев аса­балар мен әншілердің салық тіркеуіне тұратынын жеткізді. Оның айтуынша, салық төлеу үшін әншілер мен асабалар салық тір­­­кеуіне тұруы керек. «Тіркеуге тұр­ғызу бойынша жұмыс жүргі­земіз, оларға хат­тамаларды беріп, тіркеуге қоямыз. Қазіргі кезде бұл бағыт микробизнес бол­ғаннан кейін, осы сала табыс салығынан толық бо­сатылған», – дейді ол. Демек, ал­дағы уақытта табыс салы­ғын тө­леуге жарияланған мора­торий мер­­зімі аяқталған соң, олар да салық төлейтін болады.

 Айдана БЕГІМ

 
Тегтер: мораторийпандемиясалықсалық жүйесі
Алдыңғы жаңалық

Интернетте алаяқтарға алданғандар 1,5 есе көбейген

Келесі жаңалық

Ломбардтан 21 миллион теңге ұрлаған ұры 3 жылдан соң ұсталды  

Ұқсас жаңалықтар

сайт
Жаңалықтар

Полицейлер есірткі сататын 250-ге жуық сайт анықтады

Қаңтар 26, 2021
Елордалық дәрігерлер қала тұрғындарына үндеу жасады
Жаңалықтар

Елордалық дәрігерлер қала тұрғындарына үндеу жасады

Қаңтар 26, 2021
Қазақстанда Президент жанынан жаңа агенттік құрылады
Жаңалықтар

Қазақстанда Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Қаңтар 26, 2021
жалақы
Жаңалықтар

Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Қаңтар 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Полицейлер есірткі сататын 250-ге жуық сайт анықтады

Қаңтар 26, 21:05

Елордалық дәрігерлер қала тұрғындарына үндеу жасады

Қаңтар 26, 20:50

Қазақстанда Президент жанынан жаңа агенттік құрылады

Қаңтар 26, 20:33

Асқар Мамин биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Қаңтар 26, 19:57

«Қазақфильм» 30 миллион теңгенің жымқырылуына қатысты түсініктеме берді

Қаңтар 26, 19:28

Президент жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты заңға қол қойды

Қаңтар 26, 18:53

Көкшетаулық студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест бастады

Қаңтар 26, 18:52
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

сайт

Полицейлер есірткі сататын 250-ге жуық сайт анықтады

Қаңтар 26, 2021
Елордалық дәрігерлер қала тұрғындарына үндеу жасады

Елордалық дәрігерлер қала тұрғындарына үндеу жасады

Қаңтар 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»