Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола облысында желдің екпіні түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с-ке артады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман болжанады. Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.