Ломбардтан 21 миллион теңге ұрлаған ұры 3 жылдан соң ұсталды  
Ломбардтан 21 миллион теңге ұрлаған ұры 3 жылдан соң ұсталды  

Ұрыны полицейлер үш жылдан кейін Жамбыл облысынан ұстады.

Жамбыл облысының полицейлері қарақшылық жасағаны үшін 2018 жылдан бері Қарағанды қаласында іздеуде жүрген 49 жастағы қылмыскерді ұстады.

«Ұсталған азамат 2017 жылдың шілдесінде Теміртау қаласында ломбардтан 21 миллион теңгені ұрлап, қашып кеткен. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол Қарағанды облысына жіберілетін болады», ­– деді Қылмыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ардақ Мәдімаров.