Дональд Трамптың мәлімдемесі: «ДАИШ-тың көсемі — Әбу Бәкір әл-Бағдади жан тапсырды»
Дональд Трамптың мәлімдемесі: «ДАИШ-тың көсемі — Әбу Бәкір әл-Бағдади жан тапсырды»
146
оқылды

«Голос Америкидің» жазуынша, атышулы ДАИШ-тың көсемі қаза болған.

ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдади Сирияда АҚШ әскерилері жүргізген операция кезінде көз жұмған. АҚШ президенті Дональд Трамп: «Өткен түні Құрама Штаттар әлемдегі нөмірі бірінші лаңкестік ұйым көсемін әділ жазаға тартты. Операция кезінде бірде-бір америкалық әскери жапа шеккен жоқ», — деп мәлімдеді.

Сонымен қатар көптеген жауынгері өлтірілгенін. Трамптың мәлімдеуінше, ДАИШ көсемі жанталасып, жерасты жолымен бас сауғалаған. Үміті үзілген соң беліндегі жарылғыш затты іске қосып, мерт болған.