Томиристің өліміне қатысты істі Тоқаев қадағалайды
Томиристің өліміне қатысты істі Тоқаев қадағалайды
175
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде қайтыс болған студент Томирис Байсафаның ісін бақылауына алды.

Қаза болған қыздың анасы Жанна Ахметова Инстаграмдағы парақшасында Президентке алғыс білдіріп, тергеу қалай жүріп жатқанын айтқан.

«Мені қабылдап, істі зерттеп, тереңірек қарауға тапсырма бергеніңіз үшін алғыс білдіремін. Менің қайғыма көңіл бөлгеніңіз үшін рақмет. Президент араласқан соң, қазіргі уақытта іс Ресейдің тергеу комитетінің бас тергеу басқармасына берілді. Тергеу тобы құрылып, жаңа тергеуші тағайындалды», — деп жазды.