Шығыс Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан жоғалған малшы табылды, деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті. ШҚО ТЖД-да қыстауға баратын жол бойында бақташы жоғалғанын хабарлады. Бұл күні аймақта тізеден келетін қар жауып, қатты жел тұрған болатын. "Қыстауға дейін адам 2 сағат ішінде жетуі мүмкін, бірақ малшы бұл уақытта жетпеді. Сондықтан екі автокөлікпен бақташыны іздеуге шыққан құтқарушыларға өтініш жасауға тура келді. Түн, жел, 5-10 м жер ғана көрінеді. Осындай жағдайда іздеу жүргізуге тура келді. Жел бетін басып үлгемеген ізге түсіп іздедік. 3 шақырым жүрген соң қар басқан далада адасып жүрген бақташы табылды", - деп хабарлады ШҚО ТЖД.