Елордада Үндістаннан келген жұмысшылар өзара төбелесіп, 8 адам жауапқа тартылып жатыр.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, «27 қазан күні сағат 20.58-де Нұр-Сұлтан қаласының Орталық жедел әрекет ету басқармасына шұғыл хабарлама келіп түсті. Анықталғанындай, елордада тұрғызылып жатқан нысанның жатақханасында жұмысшылар төбелесіп қалған».
Ішімдік ішкен жұмысшылар өзара жанжалдасып, 3 адам жарақат алған.