Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлады.
Телеарнаның зерттеуінше, Кенжебек Алпысбаев жұмыс істеп, салық төлеп жүрген. Кенжебек Алпысбаев Nur Otan партиясының праймеризіне қатыспаса, құжат бойынша өлілердің тізімінде екенін білмей жүре беруі де мүмкін еді. 2011 жылы Кенжебек Алпысбаевтың анасы қайтыс болған. Анасы қайтыс болғаны туралы куәлікті алатын кезде өтініш жазған. Алайда мамандар анасының ЖСН-ын жазудың орнына өтініш беруші Кенжебек Алпысбаевтың ЖСН-нін жазып жібергені анықталды.Тұрғын өзінің тірі екенін арнайы құрылған комиссия алдында дәлелдеп, тірілердің қатарына қосылды.«Бастапқыда қалай өлілердің тізімінде екенімді түсінбей таңғалдым. Негізі партияның мүшесімін. Жыл сайын жарна төлеймін. Жиындарға қатысамын. Мамандар деректер базасын тексермеген болуы керек. Адамның қателігі болып тұр», – дейді Кенжебек Алпысбаев.