«Осы норманы жазғандар 2-3 ай ауылға барып, тауық пен сиырды ажыратып келсін» – Нығматулин
«Осы норманы жазғандар 2-3 ай ауылға барып, тауық пен сиырды ажыратып келсін» – Нығматулин
184
оқылды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Экологиялық кодекстің жобасын қатаң сынға алды.

Парламент Мәжілісінің отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Экологиялық кодекстің жобасын қорғады, ­– деп жазады «Қазақпарат».

Заң жобасына қатысты Парламет Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Заң жобасын қарасақ былай: мәселен Қарағанды облысының Ұлытау ауданының тұрғынының 5-10 тауығы бар делік. Оны декларациялау үшін ол облыстық табиғи ресурстар басқармасына баруы керек. Ал ол облыс орталығында орналасқан. Яғни, ол тіпті 5 емес, тіпті 1 тауығын декларациялау үшін 700 шақырымды жүруі керек. Кодексте осылай жазылған. Неліктен олай? Сіз кодексте (министр Мағзұм Мырзағалиев – ред.) «100 және одан төмен бас үшін» деп жазасыз. Оған, яғни, мал болсын, құс болсын кіреді. Ол санға 99 малды да, 1 малды да кіргізуге болады. Әлбетте бір табынның бір тауыққа қарағанда экологияға тигізетін әсері мол екенін алдымен түсініп алу керек. Бұл норманы жазған кезде ойлануы керек еді», – деді.

  [caption id="attachment_83259" align="aligncenter" width="1152"]Нұрлан Нығматулин Фото: Интернеттен алынды[/caption] Мәжіліс төрағасы заң жобасын осындай нормаларын оқыған кезде «бұл норманы жазған адам ауылда болды ма?» деген сұрақ туындайтынын айтып өтті.

«Болмаған шығар. Шіркін, осы норманы жазған адамды 2-3 айға ауылға жіберсе ғой. Сонда ғана ол адам тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінетін еді. Қалай ойлайсыз, министр мырза? Кодексті қабылдағаннан кейін ауылға барып, келіңіз», – деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы екінші оқылымда осы кемшілікті түзеуді тапсырды.