Шымкентте мәйітті өртеп жібергендер ұсталды
Шымкентте мәйітті өртеп жібергендер ұсталды

Жедел жеткен тергеу тобы көлікті тексеру барысында автокөліктің ішінен 2 ойыншық тапанша, 1 метр темір арматура мен автокөліктің мемлекеттік белгілерін және  тізесі тұсында қан дақтары бар көк түсті ер адамның джинсы шалбарын тауып алады.

Шымкент қаласының полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігімен және 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Полицейлердің тергеп-тексеру шаралары барысында аталған көлікке жолаушы болып отырған екі ер азамат көлік иесіне пышақ жарақатын салып,  оны қылмыстық әрекетінің ізін жасыру үшін Ақ тас елді мекенінде орналасқан «Қоқыс» тастайтын жерге (свалка) апарып, сол жерде мәйітті өртеп жібергені анықталған. Күдікті деп танылған Түркістан облысының 26, 22 жастағы тұрғындарының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы