Қазақстанда 1 800 000 теңге жалақыны кімдер алады?
Қазақстанда 1 800 000 теңге жалақыны кімдер алады?
164
оқылды

Қазақстанда жалақы мөлшерін Ranking.kz зерттеген.

Қызметкерлердің жалпы санының орташа айлық жалақысы:
  • 45 000 теңгеге дейін — қызметкерлердің 1,8%-ы;
  • 45 000-нан 105 000 теңгеге дейін — 30,8%;
  • 105 000-нан 210 000 теңгеге дейін – 39,2%;
  • 210 000-нан 300 000 теңгеге дейін — 14,2%;
  • 300 000-нан 420 000 теңгеге дейін — 7,2%;
  • 420 000-нан 600 000 теңгеге дейін — 3,6%;
  • 600 000-нан 750 000 теңгеге дейін — 1,2%;
  • от 750 000-нан 900 000 теңгеге дейін е — 0,6%;
  • 900 000 теңгеден жоғары — қызметкерлердің 1,4%-ы.
Ұйымдардың тікелей басшыларының орташа айлық жалақысының мөлшері ­– 518,3 мың теңге.   [caption id="attachment_83289" align="aligncenter" width="556"]жалақы Фото: ranking.kz[/caption] Сондай-ақ әр салада айырмашылық көп, ­– деп жазады «Қазақпарат». Мәселен, тұрғын үй мен тамақтандыру қызметтерін ұсыну саласындағы ұйымдардың басшылары бәрінен көп, яғни 1,8 млн алады. Жалақы көлемі бойынша ең көп алатын басшылардың үштігіне тау-кен өнеркәсібінің (1,3 млн теңге), сондай-ақ қаржылық және сақтандыру қызметі (1,1 млн теңге) басшылары кірді. Ең аз жалақыны әлеуметтік маңызы бар салалардағы кәсіпорын басшылары алады. Олар: мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру кәсіпорындарының басшылары (барлығы 271,8 мың теңге), сондай-ақ денсаулық сақтау (280,3 мың теңге) және білім беру (323,6 мың теңге) саласындағы кәсіпорындардың басшылары. Өңірлер бойынша алғанда ұйым басшыларының арасында орташа айлық атаулы жалақының ең көп мөлшері Атырау облысында (876,6 мың теңге), сондай-ақ Алматыда (805,6 мың теңге) және Нұр-Сұлтанда (638,6 мың теңге) байқалды.

Ең аз жалақыны Жамбыл (265 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (280,2 мың теңге) және Қостанай (316,9 мың теңге) облыстарының кәсіпорын басшылары алады.