Ұйықтап кеткен жүргізушіні музыкамен оятатын жолдар көбейеді
Ұйықтап кеткен жүргізушіні музыкамен оятатын жолдар көбейеді
146
оқылды

«Нұр-Сұлтан – Шортанды» автомобиль жолында музыка ойнайтын жолақтар арнайы орнатылып жатыр.

Жаңа технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, пилоттық жоба жол апатын азайтуға септігін тигізеді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жасаған пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылды. Оны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді.

«Музыкалық жолдар» жүргізушілерге төтенше қауіпті жол бөлігінде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Әуен автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағынан 90 км/сағ жылдамдығымен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді. Зерттеу нәтижесінде, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ келер жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.

Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рульде ұйықтап кету салдарынан болатын жол апатын болдырмау үшін жасалады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болады. Жүргізушілердің ұзақ жолда сергек отыруына септігін тигізеді.