Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға таңертең болды.
58 жастағы петропавлдық 4-қалалық ауруханаға граната әкеліп, дәрігерлерді қорқытқан.Мамандардың айтуынша, Ф-1 гранатасында тұтандырғышы болмаған, яғни жарылмайды.«102 нөміріне хабар сағат 9-дан 10 минут кеткенде түсті. Оқиға орнына барлық мамандар жөнелтілді. № 4 қалалық емхана ғимаратынан барлық медициналық қызметкерлер мен дәрігердің қабылдауына келген 100-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды», – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.
Ер адам ұсталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, біз бұған дейін емханадағы түйткілді мәселер жайын "Емханадан ғарыш жақын" деп жазған болатынбыз.