Қытай – Қазақстанның өсімдік майының негізгі тұтынушысы
Қытай – Қазақстанның өсімдік майының негізгі тұтынушысы
128
оқылды

«Қытай қазақстаннық өсімдік майларының негізгі тұтынушысы болып қала береді,– деп хабарлайды LS.

2018-2019 жылғы нарықтық кезең нәтижесі бойынша Қытай Қазақстаннан зығыр майының барлық экспорттық көлемін (31 мың тонна) сатып алды, бұл 2017-2018 маркетингтік көрсеткіштен бір жарым есе жоғары.

Сонымен қатар, рапс майының экспорттық көлемінің 93% (45 мың тонна) Қытайға жіберілді. Бұл деңгей 2017-2018 жылдардағы маусымның көлемінен 2,4 есе көп болды.

Ал, күнбағыс майына келетін болсақ, биыл сатып алу көлемін 8% -ға 25 мың тоннаға дейін азайтты. Осыған қарамастан, Қытайдың экспорттаушылар арасындағы үлесі ең жоғары (36%) болып отыр.