Базардағы саудагерлерден алым-салық жинағандар ұсталды
Базардағы саудагерлерден алым-салық жинағандар ұсталды
102
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 9 айда 177 сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Пепартаменттің басшысы Шыңғыс Қабдула тексеру барысында бірнеше заңсыздық анықталғанын айтты.

«Биыл 9 айда департамент тарапынан 177 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Сотқа 35 адамға қатысты 104 іс жолданды», – деді ол.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері әшкере болды.

«Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауда сәйкестік сертификаты болмаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін елордалық базарлар аумағында жүйелі түрде кәсіпкерлік субъектілерінен алым-салық алған. Қазіргі кезде істі тергеу аяқталып, сотқа жолданды», – деді департамент басшысы.