Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 9 айда 177 сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.
Пепартаменттің басшысы Шыңғыс Қабдула тексеру барысында бірнеше заңсыздық анықталғанын айтты.Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері әшкере болды.«Биыл 9 айда департамент тарапынан 177 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Сотқа 35 адамға қатысты 104 іс жолданды», – деді ол.
«Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалауда сәйкестік сертификаты болмаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін елордалық базарлар аумағында жүйелі түрде кәсіпкерлік субъектілерінен алым-салық алған. Қазіргі кезде істі тергеу аяқталып, сотқа жолданды», – деді департамент басшысы.