Италияда Рахат-Бидің жаңа шығармасы таныстырылды
Италияда Рахат-Бидің жаңа шығармасы таныстырылды

Италияның Милан қаласында Рахат-Би Әбдісағиннің «Сезілмейтін жұлдыздар серенадасы» туындысының әлемдік тұсаукесері өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Рахат-Би Әбдісағин Италиядағы Санта Чечилия академиясының докторантурасын бітірген еді. Сонымен бірге, ол – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы.

Рахат-Би 10 жасынан бері ән жазумен шұғылданады. Оның туындылары Италия, Аустрия, Франция, Англия, Германия, Швейцария, Испания, Чехия, Түркия, Қытай, АҚШ елдерінде қойылған. 

Композитордың бірқатар ғылыми мақалалары мен кітаптары жарық көрді, 14 жасында «Математика және заманауи музыка» еңбегін жазған. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян және испан тілдерін меңгерген.