«Jas Otan» жастар қанаты үш жоғары оқу орнының жатақханаларын тексерді. Екінші реттік тексеру кезеңіне дейін айтылған олқылықтың бәрі де түзетілді. Олар – Қайнар Академиясы, Satbayev University және Алматы университеті.
«Қаламыз бойынша сол мониторингтің нәтижесінде көптеген кемшіліктер табылған осы 3 университет болатын. Оның екеуі жекеменшік университеттер, бірі осы ұлттық университет. Бізде мына «естуші мемлекеттің» осы жерден көрініс тауып, орындалып отыр деуге болады. Университет басшылығы немқұрайлы қарамай, керісінше осы біздің айтқан кемшіліктердің барлығын түзетуге бар күш-жігерін арнауда», – деді «Jas Otan» жастар қанаты қалалық филиалының төрағасы Мәди Ахметов.Екінші реттік тексеру кезеңіне дейін айтылған олқылықтың бәрі де түзетілді. Жатақханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асүйлер мен жуыну бөлмелерінің саны артқан. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізілмек. Алматыда 39 жоғары оқу орны мен 96 студенттік жатақхана бар.