Аймақтарда жастар мәселесі талқыланды

Тұрғын үй, жұмысқа орналастыру, білім сапасы және жеке даму мүмкіндіктері. Бүгін осы мәселелердің барлығын Jas Otan аймақтық филиалдарының жетекшілері жастармен және жасотандықтармен өткен кездесуде көтерді.

Сондай-ақ, кездесу барысында студент жастардың пікірін ескере отырып, Jas Otan Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы және аймақтық Жол карталарды іске асыру сұрақтары талқыланды.

Jas Otan Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі Хұдайбергенов Біржанның айтуынша, аталған өңірдің жастары бағдарлама мен жол карталарды әзірлеу барысына белсенді қатысқан.

– Jas Otan 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасы жастардың ұсыныстары мен өтініштерін іске асыру бойынша таптырмас бағдарлама деп ойлаймын. Осыған дейін біз «Жастар-Отанға!» бағдарламасына жастар арасынан ұсыныс-тілектерді жинасақ, бүгін жол картасына ұсыныстар жинап, толықтыру үшін бас қостық. СҚО жастары бағдарламамен толықтай танысып, жастарға берілетін қолдау, жастардың жобалары мен бастамаларын қаржыландыруды ұлғайту сынды ұсыныстарын білдірді», – деп атап өтті Құдайбергенов Біржан.

Сондай-ақ, Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Жүсіпов Абай: «Қазіргі таңда өздеріңізге белгілі карантин режиміне байланысты оқыту онлайн форматқа көшті. Осы орайда жастарды онлайн оқыту үшін арнайы сапалы контент әзірлеу ұсыныстары келіп түсті», – деп атап өтті.

Одан бөлек жастар тарапынан тұрғын үй, жатақхана, жұмыспен қамту және жеке кәсібін ашуда кезігетін өзге де проблемалар көтерілді.

жастар

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.