Әлемдік туризм 730 миллиард доллар жоғалтты
Әлемдік туризм 730 миллиард доллар жоғалтты
2020 жылдың алғашқы сегіз айында туристік саяхаттар әлем бойынша 70% төмендеді. Бұл сала орасан зор шығынға ұшырап отыр. Бұл туралы Дүниежүзілік туристік ұйым (UNWTO) хабарлады. Ұйымның соңғы есебіне сәйкес, халықаралық саяхат саны шілде айында 81% -ға, ал дәстүрлі демалыс кезеңі тамызда 79% -ға төмендеді. Жыл басынан бері саяхаттар саны өткен жылмен салыстырғанда 700 миллионға азайған. Экономикалық шығындар 730 миллиард долларға жетті. Бұл 2009 жылғы дүниежүзілік экономикалық және қаржылық дағдарыс нәтижесінде болған шығындардан сегіз есе көп.

«Бұрын-соңды болмаған құлдыраудың әлеуметтік-экономикалық салдары өте зор және миллиондаған жұмыс орындары мен бизнеске қауіп төндіреді. Бұл туризмді қауіпсіз, уақтылы және келісілген түрде қайта бастау қажет», – деді БҰҰ ДТҰ Бас хатшысы Зураб Пололикашвили.

Ұйым сарапшылары 2021 жылдың үшінші тоқсанында ғана халықаралық туризмнің қайта өркендеуін болжайды. Алайда, сарапшылардың шамамен 20%-ы тек 2022 жылы туризім жандануы мүмкін дейді.