Көрден қазып алған сәбидің мәйіті жоғалып кеткен
Көрден қазып алған сәбидің мәйіті жоғалып кеткен
219
оқылды

Алматы облысында эксгумация жасалған сәбидің мәйіті бір жылдан бері ұшты-күйлі жоқ, – деп хабарлайды КТК.

Сәбиінен айырылған отбасының айтуынша, былтыр қазан айында мәйітті қабірден қазып алып Алматыға, одан әрі Нұр-Сұлтан қаласына алып кеткен. Бірақ туысқандары баланың неден өлгенін және ДНҚ сараптамасын анықтайтын қорытынды құжатты алмақ түгілі, мәйітті таппай қалған. Телеарнаның хабарлауынша, бейіт басында нәрестенің аты-жөні жазылған белгі жерде жатыр. Қайта қазылған қабір ішіндегі кішкентай табытқа қараудың өзі қорқынышты.

Ульяна Давыдованың айтуынша, қабірдің ашық-шашық жатқанына тура бір жыл толыпты. Немересі перзентханада көз жұмған әже кейін шарананың өліміне күмәнданып, соңында эксгумация жасатуға бел буады. Былтыр қазан айында мәйітке әуелі Алматыда сараптама жасалыпты. Бірақ баланың денесі қатты бүлінгендіктен, желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласына жөнелтіпті.

Ульяна Давыдова аудандық ішкі істер бөлімінің талай мәрте табалдырығын тоздырғанын айтады.   [caption id="attachment_83470" align="aligncenter" width="800"]көр Фото: КТК-дан скриншот[/caption] Карантинді сылтауратқан тергеуші күнде ертеңмен қайтарып отырған. Табанынан таусылған ол екі апта бұрын басшыға кіріп, істің мән-жайын сұрапты.

Ульяна Давыдова: «Мәйітті жерлеп те тастаған шығар. Басқа ой келер емес. Тергеушіні іздеп таппақ түгілі, қоңырау шала алмайсың. Ішкі істер бөліміндегілердің қолынан уәде бергеннен басқа ештеңе келмейді. Әлі жауап күтіп жүрміз», – дейді.

Полициядан күдерін үзген отбасы аудандық прокуратураға шағымданыпты.

Ал Әділет министрлігі мен облыстық Полиция департаменті бұл істі қадағалайтынын айтты.