Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы екпеден кейін 60-қа жуық адам қайтыс болса да, Үкімет осы вакцина егуді жалғастыруға тәуекел етіп отыр, – деп жазады 24.kz.
Cебебі, Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың өліміне вакцинаның қатысы жоқ деп санайды. Дәрігерлердің айтуынша, 17 жастағы емделушіден басқасы егде жастағы адамдар.Вакцинаны тегін ала алатын 19 миллион азаматтың 56%-ына екпе жасалды. Мамандар вакцина салдыруға қарағанда маска кию маңызды екенін айтады.Сондықтан екпеден қорықпауға шақырады. Кореяда жыл сайын 3000-ға жуық адам тұмаудан қайтыс болады.