Түркістан облысында халық саны 1,4%-ке өскен
Түркістан облысында халық саны 1,4%-ке өскен
188
оқылды

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық жерде 412 819 адам (20,3%), ауылдық жерде 1 623 210 адам (79,7%) тұрады.

Бұл былтырғымен салыстырғанда халық саны 1,4%-ке өскен. Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабековтің айтуынша, республика бойынша облыс туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1-орында тұр. Сондай-ақ биыл ІІ тоқсанда Түркістан облысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 168 301 теңге болған.

«Ең жоғары орташа айлық жалақы Созақ ауданында – 243 324 теңге, ең төмен жалақы Сарыағаш ауданында – 137 498 теңге көлемінде. Ең жоғары айлық жалақы «Каржы және сақтандыру» саласында – 220 355 теңге, ең төмені «Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар» саласында  – 70 121 теңге. Облыста азық-түлік тауарларының бағалары – 7,1%-ке, азық-түлік емес тауарлар – 3%-ке, ақылы қызметтер – 5,5%-ке қымбаттаған», – деді департамент басшысы.