Шығыс Қазақстанда алқабилер соты екі кішкентай баланы зорлағаны үшін сотталған ер адамды ақтады, – деп хабарлайды AstanaTV.
Екі баланың анасының айтуынша, өгей әке төрт жасар қыз бен оның 9 жастағы ағасын қорлаған. Тексеру кезінде өгей әке ағасының көзінше кішкентай қызды азаптағаны анықталған. Ал 9 жастағы ұлды ұрып-соғып, иттің үйшігіне қамап қойған.Ер адам кінәсін мойындаған. Оны 16 жылға бас бостандығынан айырған. Кейін сотталушының туыстары адвокат жалдаған соң, ер адам өз кінәсін мойындаудан бас тартыпты. Апелляциялық соттағы алқабилер үшін оның дәлелдері сенімді болған. Олар ақтау үкімін шығарған.Ағалы-қарындасты екеуі бұл қорлыққа шыдай алмай, үйден қашып кеткен. Үйден кетердің алдында хатта оқиғаның мән-жайн жазып кеткен. Тергеуде зорлық-зомбылық дерегі анықталып, расталған.
https://youtu.be/gQ8yv6FtoegБұл мәселеге қатысты ШҚО сотының баспасөз қызметі «Қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен жабық сот отырысында қаралды. Үкім заңды күшіне енген жоқ» деген ресми мәлімет таратты.