Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының полиция бөлімінің бастығы күндіз ұрыларды іздеген кейіп танытып, түнгі уақытта жылқы атып, ұрлап келген, - деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі. Кенттің бас полицейі тіркелмеген атыс қаруы– 7,62 миллиметр калибрлі карабиннен жылқыларды атқан. Содан кейін өз сыбайластарымен бірге сойылған малдарды ет қабылдау пункттеріне апарып өткізіп келген. Ақшаны полиция майоры бірнеше ай бойы қалтасына басып отырады. Күндіз ауыл тұрғындары мал ұрлығы туралы өтініш берген. Полиция бөлімінің бастығы бұл мәлімдемелерді қабылдап, ұрыларды іздеуге шындап кіріскен кейіп танытады. Ал түнде «адал полицей» барымташыға айналып шыға келеді. Ауыл тұрғындары полицейлерден мал ұрлығын іздеуде нақты жұмыс күтуді шаршаған кезде, майордың екі жүзді өмірі тоқтайды. Олар аймақтық прокуратураға және жеке қауіпсіздік басқармасына шағымданды. Тексеру басталып көп ұзамай полицей айласының беті ашылады. Ол мал ұрлағаны және заңсыз қару сақтағаны үшін айыптады. Тергеу кезінде оны жұмыстан босатты. Оның сыбайластары тек мал ұрлығы бойынша күдікке ілінді. Істі тыңдау Ақтоғай ауданында өтуі тиіс болатын. Бірақ, ол осы жерде ықпалды тұлға болғанын ескере отырып, істі басқа Шет ауданының сотына тапсыру үшін шешім қабылданды. Бес қылмыскердің барлығына сот бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ауыл полициясының бұрынғы басшысы үш жылға сотталды. Сондай-ақ оны "полиция майоры"арнаулы атағынан айырған. Одан бөлек, оған колониядан шыққаннан кейін органдарда жұмыс істеуге бес жылға тыйым салынады. Алайда сот үкімі бұрынғы полиция бастығына ұаған жоқ. Ол қайта қарауға шағым түсірді. Алайда, судья Рашид Нұрмағамбетовтің төрағалық ететін алқа оның шағымын қанағаттандырудан бас тартты.