«Бөпе» – ашық диалог алаңы
«Бөпе» –  ашық диалог алаңы
171
оқылды

Alma U университетінде отба­сы­лық құндылықтарды нығайтуға бағытталған, ата-аналарға арнал­ған I БөпеForum өтті. Форум аясын­да отбасындағы тәрбие мәселесі, от­басы мүшелері арасындағы қа­рым-қатынастың даму жағдай­лары кеңінен талқыланды.

Қоғамдық процесстер сәт санап күрделеніп, ол отбасындағы қатынастар­ға да әсерін тигізе бастады. Жақсысы да, жаманы да бар. Сапалы, тәрбиелі буын қалыптасып шығу үшін әкенің рөлі күшті болуы шарт. Өйткені ол – отба­сының тірегі, табыс табушы адам және кіші отанындағы кез келген шаруа­ға әмірін жүргізе алатын басшы. Ал ондай адамның әлсіз немесе күшті си­патта болуы баланың тағдырына да, қандай адам болып өсуіне де әсерін тигізбек. Форум барысында спикерлер осы мәселелердің ара-жігін ашып, талдау жасауға тырысты. Шараға Nur Otan партиясы жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі республика­лық кеңес төрағасының орынбасары Динара Зәкиева, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқарма­сы басшысының орынбасары Әсел Бейсенбаева да қатысты.

– Форумда біз заманауи Қазақ­стан­дағы отбасы және неке институтының ролін, оның проблемалары мен келе­ше­гін талқыладық. Сонымен қатар шара біткенше мемлекеттік бағдарла­ма­лар бойынша кеңес беретін жәрмеңкелер де белсенді жұмыс істейді. Біз балалардың толыққанды отбасында бақытты ғұмыр кешуін қалаймыз. Ал оны тек армандап отыра бермей, білікті мамандардың кеңесін тыңдау да керек. Үш жыл бұрын біздің осы әлеуметтік жобамыз кішкен­тай ғана жәрмеңкеден бастау алған еді. Қазір еліміздің 10 қаласында осы фести­валь­ді өткізіп отырмыз. Өзім де анамын. Отбасы болған соң әртүрлі сауалдар мазалайды. Сондықтан да осындай фо­рум ұйымдастырайық, еліміздегі аза­мат­тардың жақсы тұрмыс кешуіне, түйт­кілдерінің шешілуіне көмек беруге тырысайық деп шештік. Осы мақсатта «Бөпе» отбасы және неке институтын модернизациялау қоры құрылды, – дейді аталған қордың негізін салушы Айнұр Ілиясова.

Шараға көптеген мемлекеттік ор­ган­дармен қатар жекелеген ұйымдар да қол­дау білдіріп, белсенді қатысты. Солар­дың бірі – «Әйелдердің шығар­ма­шылық бастамалар лигасы». Аталған ұйымның төрағасы Әсия Хайрулли­на­ның айтуынша, форум – дер кезінде қолға алынған маңызды жоба.

– Форумның өзектілігі сол – мұнда қа­лыпты жиналыс форматын бұзып, ата-аналар мен түрлі сала мамандары емін-еркін сөйлеседі, отбасы пробле­ма­ла­рын талқыға салады. Ешкім мұнда қа­­ғазда жазылған баяндаманы оқымай­ды. Екі ортада ашық диалог орнайды. Форум сонысымен де маңызды, – дейді ол.

«Бөпе» отбасы және неке институ­тын жаңғырту қорын құрушы­лар­дың бірі Махаббат Райымқұлованың пікірін­ше, жыл санап ажырасу саны артып келе жатыр. Елдің алдында тұрған басты міндет – осы статистиканы азайту.

– Қазіргі таңда миллионға жуық бала толық емес отбасында тәрбиеленіп жатыр. Олардың 700 мыңы анасымен, ал 300 мыңы әкесімен бірге тұрады. Бұл – өте ойланарлық және көңілді түсіретін жағ­дай. Неге ажырасу көбейді? Неге отбасы құн­дылығы құлдырауда? Біз осы мәсе­ле­­лер­ді талқылаймыз. Шешім шы­ға­­рып, соны қоғамға сіңіруге, отба­сы­лар­ды тәр­бие­леуге күш саламыз. Шара­ға тек белгілі бір сала мамандары ғана емес, әртүрлі ортадағы сарапшылар шақырыл­ды. Олар­дың қатарында әнші Бүркіт, YUFRAME жобасының қаты­су­шысы, кәсіпкер Арман Юсупов, «Синер­гия» университеті­нің президенті Бауыр­жан Қа­сымбергенов, кәсіпкер Қайрат Құ­дай­бер­ген бар, – деді Махаббат Райым­құ­ло­ва.

Форумның алғашқы бөлігі отба­сы­лар­ды мемлекеттің қолдау мәсе­лелеріне ар­нал­са, екінші жартысында түрлі тре­нинг­тер мен шеберлік сыныптары өткі­зіл­ді.


Абай ҚАЗБЕКҰЛЫ