Риддер қаласының полиция бөліміне 65 жастағы қария арызданды.
Зейнеткер үйіне ұры түсіп, шкафта тұрған ақшасын ұрлап кеткеніне арызданған. Жедел іздестіру нәтижесінде, ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.Ұрланған ақша табылды. Тергеу басталды.«Анықталғандай, үй ішінде ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізген ұры терезе арқылы кірген. Жатын бөлмедегі шкафтан шетел валютасындағы 18 млн теңгеден астам ақша салынған пакетті алып, оқиға орнына ізін суытады. Риддер қаласының 41 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр», – деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.