29 қазанда елордада және жеті өңірде жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ болады, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
«Нұр-Сұлтан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды. Көктайғақ кезінде азаматтарға табаны тайғанамайтын аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!». - делінген хабарламада.