"Борат табытта": Тұрғындар Алматыдағы АҚШ елшілігі алдында жиналды
"Борат табытта": Тұрғындар Алматыдағы АҚШ елшілігі алдында жиналды

Қазақстандықтар Алматыдағы АҚШ елшілігі алдында жиналды. Олар АҚШ-та “Борат” және “Борат-2”, фильмдерін көрсетуге тыйым салуды талап етуде.

АҚШ елшіліг алдында 20 белсенді жиналған. Олардың қолдарында ұстаған плакаттарында “Кімнің сиыры мөңіреп тұр”, ” Америкада тұратын қазақтарды қорлауларын тисын” деген секілді жазулар жазылған. Жиналғандар “Боратты” табытқа салып,АҰШ туымен жауып қойған. Олар "Боратты" АҚШ-та жерлеуді талап етті.
"Бірде-бір қазақ өз қызын зорлаған емес, ұлтты құрметтемеу.  Америка елшілігін бұл фильмді көрсетуді доғаруын сұраймын. Олар біздің қонақжай, жақсы халық екенімізді біледі ғой.  Олар бізді неге қорғамайды? Менің ашуыма тиетіні осы. Егер фильм көрсеткің келсе, дұрыс фильм көрсет", – деді белсенділердің бірі.
Екніші белсенді фильм авторы Саша Барон Коэн “Боратта” Қазақстан туралы айтқысы келмегенін айтқанын айтты.
"Егер Саша Барон Коэн қазақстар туралы айтқысы келмесе, сұхбатта айтқанының барлығы рас болса, фильмін жойып жіберсін", – деді ол.
Белсенділер хат жазып, елшілік қызметкерлері  оны қабылдауын талап етті. Алайда оларға ешкім шықпады.  Жиналғандар талаптарын орындамайынша кетпейтіндерін айтуда.