Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында «Охотзоопром» инспекторы браконьерлерді ұстау кезінде қаза тапты.
Орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі комитетінің облыстық басқармасының басшысы Айтуар Туғанбеков: «Біздің инспекторлар жазықта автокөліктің прожектор қосып жүргенін көрген. Бұл түнгі уақыт еді. Артынан қуған, олар қаша жөнелген. Қуу кезінде біздің көлік аударылған. Соның салдарынан біздің инспектор қаза тапты», —деді.
Анығы, браконьерлер қашқанымен, инспекторларға оқ атпаған. «Олар оқиға орнында ұсталды. Бізде екі экипаж болды. Ұсталғандар — жергілікті тұрғындар. Олардың көлігінде мылтық пен заңсыз атылған жыртқыштардың өлексесі болған», — деді Айтуар Туғанбеков.
Қаза болған инспектордың отбасына материалдық көмек көрсетілген.