Бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Бас санитардың жаңа қаулысы шықты
Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдік ПТР анықтамасы болмаса 7 күнге карантин стационарына жатқызылады.
«Қазақстанға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады», - делінген құжатта.