Қатаң карантин қайта енгізілетін болды
Қатаң карантин қайта енгізілетін болды
 Францияда бір тәулікте тіркелген науқастардың саны 30 мыңнан асуына байланысты қайта локдаун жарияланды. Бүкіл елде  қатаң шектеу шаралары ертеңнен бастап желтоқсан айының біріне дейін күшіне енеді. Бұл туралы президент Эмманюэль Макрон халыққа жолдаған телеүндеуінде хабарлаы. Қатаң карантин талаптарына сәйкес енді тұрғындар тек жүгіруге, жұмыс пен мектепке, дүкен мен ауруханаға немесе мемлекеттік ұйымдарға ғана бару үшін сыртқа шыға алады. Оның өзінде қолында арнайы рұқсат қағазы болуы тиіс. Балабақшалар мен мектептер жұмысын жалғастырады. Студенттер онлайн форматта оқитын болады. Ал, кафе, мейрамхана, мәдени және ойын-сауық мекемелер уақытша жабылатын болады. Қазір Францияда бір тәулікте тіркелген науқастардың саны 30 мыңнан асқан. Мамандар «бұл көрсеткіш 5 мыңға дейін азайғанда ғана қатаң шектеу шараларын жеңілдетуге болатынын» айтады.